Вернуться на главную страницу
«КЕЛІСІЛГЕН»
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының бастығы
М.М. Ахметова
_____________________
«__» ____________ 2012 ж.
«БЕКІТЕМІН»
Риддер аграрлық техникалық колледжінің директоры
А.П. Самойленко
_____________________
«__» ____________ 2012 ж.

Риддер аграрлық техникалық колледжіне қабылдау
ЕРЕЖЕСІ

I. Жалпы ережелер

1.1 Риддер аграрлық техникалық колледжіне (бұдан әрі - РАТК) 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы кәсіптік және орта кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
1.2 Оқуға түсу кезінде Заңның 26 бап 8 тармағымен анықталған тұлғаларға қабылдау квотасы алдын ала қарастырылады.

II Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

2.1 Оқуға түсуге азаматтардың өтініштерін қабылдау орта буынның мамандарын даярлауды қарастыратын, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру оқу бағдарламалары бойынша:
- күндізгі оқу түріне 20 маусымнан 20 тамызға дейін;
- сырттай оқу түріне 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.
2.2 Оқуға түсушілер оқуға қабылдау туралы өтінішке:
- білімі туралы құжаттың түпнұсқасын;
- №086-у нысаны бойынша медициналық анықтаманы (I және II топтағы және бала кезінен мүгедектер үшін – медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
- 3х4 өлшемдегі 4 фотосуретті қосып береді.
Түсушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттар түсушінің өзімен, ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен ұсынылады.
Шетел және азаматтығы жоқ азаматтар тұратын орны бойынша тіркеу белгісі бар олардың мәртебесін анықтайтын құжаттарды ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсатты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігін;
3) босқын – босқынның жеке куәлігін;
4) баспана іздеп жүрген тұлға – баспана іздеп жүрген тұлғаның куәлігін;
5) оралман – оралманның куәлігін.
Кешенді тестілеу сертификатын (жоғарғы оқу мекемесіне түсу үшін ағымдағы жылда кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдың түлектері), немесе ҰБТ қорытындысы туралы сертификатты (ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан ағымдағы жылдың түлектері) көрсеткен азаматтар түсу емтихандарынан босатылады және 3.1 тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
2.3 Орта буын мамандарын даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары:
1) жалпы орта білімі бар оқушыларға үш пәннен жүргізіледі (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, мамандық бейіні бойынша пән);
2) негізгі орта білімі бар оқушыларға негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларының көлемінде екі пәннен жүргізіледі (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар талапкерлерге мамандықтың бейіні бойынша жүргізіледі;
4) мамандық бейініне сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар талапкерлерге әңгімелесу түрінде жүргізіледі.
5) Қабылдаудың нәтижелері туралы ақпарат күндізгі оқу түріне түсушілерге 30 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне түсушілерге 30 қыркүйекке дейін қабылдау комиссиясымен ақпараттық стендте ақпаратты орналастырумен мәлімделінеді.
2.4. Түсу емтихандары кешендік тестілеу түрінде өткізіледі.
Мамандық бейіні бойынша пән 2 кестеге сәйкес анықталады.

Кесте 2. Мамандықтар бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

Мамандық атаулары Бейінді пән атаулары
9 сынып негізінде 11 сынып негізінде
1 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» Қазақ әдебиеті Орыс тілі
2 1518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша) Математика Математика
3 0705000 «Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу» Математика Математика
4 0707000 «Тау-кен электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» Математика Математика
5 0709000 «Пайдалы қазбаларды байыту» (кен байыту) Математика Химия
6 1003000 «Түсті металдардың металлургиясы» Математика Химия
7 1014000 «Машина жасаудың технологиясы» (түрлер бойынша) Математика Математика
8 1114000 «Пісіру ісі» (түрлер бойынша) Математика Математика
9 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» Математика Математика
10 1401000 «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» Математика Математика
11 1414000 «Жиһаз өндірісі» (түрлер бойынша) Математика Математика
12 1508000 «Орман шаруашылығы, саябақты және ланшафты құрылыс» (түрлер бойынша) Математика Химия
2.5. Орта буын мамандарын даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін азаматтар үшін түсу емтихандары:
- күндізгі оқу түріне 1 тамыздан 28 тамызға дейін
- сырттай оқу түріне 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
2.6. Түсу емтихандарын өткізу кезінде әрбір тапсыратын пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25. Әрбір тестілеу тапсырмасына дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады.
2.7. Үш пән бойынша тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі. Дұрыс жауаптардың кодтары тестілеу аяқталғаннан кейін бірден ілінеді. Тестілеудің қорытындысы тестілеуді өткізген күні жарияланады.
2.8 Тестілеу тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау кезінде бірыңғай талаптардың сақталуын және даулы мәселелерді шешуді, оқуға түсушілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шағымдану бойынша комиссия құрылады.
Шағымдану бойынша комиссияның құрамына шағымдану бойынша комиссияның төрағасы, хатшысы, мүшелері кіреді.
Тестілеудің қорытындысымен келіспейтін азаматтың шағымдануға өтінішті ұсынуға мүмкіндігі бар.
Шағым қабылдау комиссиясына тестілеудің нәтижелерін жариялағаннан кейін келесі күні сағат 1300-ге дейін беріледі және өтініш берушінің қатысуымен бір күн ағымында шағымдану бойынша комиссиямен қарастырылады.
2.9 Пәндер бойынша тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

III. Оқушылар құрамына қабылдау

3.1. Тұлғаларды оқуға қабылдау конкурстық негізде тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Орта буын мамандарын даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру оқу бағдарламалары бойынша оқушылар құрамына қабылдау конкурстық негізде:
- күндізгі оқу түріне 25 тамыздан 30 тамызға дейін;
- сырттай оқу түріне 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
Байқау:
- ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде;
- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу түрінде өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттардың балдары негізінде;
- колледж негізінде өткізілген, кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша алынған балдар негізінде өткізіледі.
Қабылдауға конкурс өткізу кезінде осы ережелердің 2.3 тармағына сәйкес, үш пән бойынша ҰБТ сертификаттарында көрсетілген немесе кешенді тестілеу балдарының сомасы ескеріледі.
Оқушылар құрамына қабылдау үшін конкурсқа қатысуға:
- негізгі жалпы білімі бар, екі пәннен 20 балдан төмен, экономика мамандығы бойынша 25 балдан төмен жинаған оқушыларға;
- жалпы орта білімі бар үш пәннен 30 балдан төмен, экономика мамандығы бойынша 35 балдан төмен жинаған оқушыларға рұқсат берілмейді.
3.2 Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын оқушылар құрамына қабылдауға конкурс жүргізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда айырықша құқықа ие (растау құжаттары болған жағдайда):
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- I және II топтағы мүгедектер;
- соғысқа қатысқандар және соғыс мүгедектерінің жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғалар;
- бала кезінен мүгедектер,
- колледжде оқуға рұқсат берілген медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес мүгедек-балалар;
- білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, үздік дипломдары) бар тұлғалар.
3.3 Колледжге қабылдау мамандықтары, оқыту тілдері бойынша жеке-жеке қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.
3.4 РАТК-ға қабылдау ережесі әдістемелік кеңес отырысында қаралды және мақұлданды. 2012 жылғы 28 наурыздағы № 6 хаттама.
Яндекс.Метрика
Хостинг от uCoz